Басты Жаңалықтар Оксфорд университетінде қазақ ғалым сабақ беріп жүр

Оксфорд университетінде қазақ ғалым сабақ беріп жүр

Қазақстандық жас ғалым Дидар Садық Оксфордта қазақ тілінен сабақ береді. Ол шетелдіктерге өзінің ана тілін үйретіп, ұлттық мәдениет пен дәстүрді дәріптеп жүр. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің филология факультетін бітірген ол еңбек жолын Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтында ғылыми қызметтен бастаған. Кейін Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Оксфорд университеті арасындағы ынтымақтың нәтижесінде шетелдік ЖОО-да білім беруге мүмкіндік алған.

Дидар Садық, Оксфорд университетінің қазақ тілі пәні мұғалімі:

Қазақ мәденетін, әдебиетін, тарихын олар бізден жақсы біледі. Бізбен тең, қатар біледі. Себебі Оксфордқа ең, ең, ең дарынды студенттер қабылданады. Қазақтың тілі арқылы біз таңқалдыра алдық. Себебі олардың өте бір сондай таңданған тұстары қазақтың мәдениеті сөзінде жатыр екен ғой деп өте қатты таңғалды.
Оксфордтағы тағы бір қазақ – Меруерт Бижанова. Университеттің докторантурасына шақырту алған бойжеткен білім беру саласы бойынша PhD бағдарламасымен оқып жатыр. Бұған дейін ол әлемнің ең беделді оқу орындарының бірі Пенсильвания университетінде «Білім беру саласындағы көшбасшылық» бағдарламасы бойынша магистр дәрежесін қорғаған және Penn Global Student Citizenship – халықаралық студенттерге арналған ең жоғары марапатқа ие болды. Бұрын-соңды мұндай жүлдені қазақстандық студент алмаған. Меруерт докторантурадан кейін де академиялық жолын жалғастырып, өзгелерге де ғылым жолын қууға сеп болмақ.
Меруерт Бижанова, Оксфорд университетінің студенті:
Докторантурадан кейін постдокторантура деген бар. Барлығы тағы да оқу бар ма дейді. Ертең көптеген қазақстандықтарға докторантура қууға жол ашқым келеді немесе өзім де лаборатория ашып, бір ғылыми орталығымды ашып, Қазақстанды, Орталық Азиядағы студенттерді көбірек нағыз ғалым ретінде дайындайтындай бір хаб, жүйе, орталық ашсам деген арманымда бар.


Бөлісу