ШҚО-да ₸11 млрд асатын мүлік тәркіленді
Шығыс Қазақстан облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті «Бипэк-Азия Авто» компаниялар тобына қатысты тергеуді аяқтады. Нәтижесінде мемлекет меншігіне 11 миллиард теңгеден асатын мүлік тәркіленді. Олар автокөлік, жылжымайтын нысан, шағын ұшақ және демалыс базасы.
Бұдан бөлек департамент қызметкерлері соңғы 9 айда мемлекетке тағы 1 миллиард 900 миллион теңгенің мүлкін қайтарған. Олардың қатарында вейп саудалағандар мен заңсыз алтын қазғандардың әрекеті әшкереленді. Тергеу барысында күдіктілерден 6 келіден астам алтын, 56 мың АҚШ доллары және кен өндіруге арналған ауыр техникалар тәркіленді. Заңсыз өндіріске қатысқан тұлғалар қамауға алынып, қылмыстық іс сотқа жолданды. Ал Өскемендегі техникалық университеттің бұрын заңсыз жекешеленіп кеткен ғимараты да мемлекет меншігіне қайта өтті.
Дулат Нұрлыбек, ШҚО экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басқарма басшысы:
Нысан 1,5 млрд теңгені құрайды. Стратегиялық маңызды нысан мемлекет бақылауына қайтарылды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы