«Астана Опера» әртістері  кезекті рет көрермендерді таңқалдырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Астана Опера» әртістері  кезекті рет көрермендерді таңқалдырды

24.12.2018

«Астана Опера» театрының гастрольдік сапары басталмай тұрып, Италиядағы өнерсүйер қауым 6 қойылым билеттерін сатып алған. Біздің әртістер кешті Карло Феличе театры сахнасында Петр Чайковскийдің «Щелкунчик» балетімен ашты. Әсерлі көріністі балет кең ауқымды аудиторияға арналған. Залда өнерді бағалаушылар да, театр әлеміне жаңа қадам басқандар да болды. Италиялықтар дуаланған ханзада туралы балетті зор сүйіспеншілікпен қабыл алып, бишілердің кербездігі мен әсемдігі тәнті етті. Спектакльден соң жұртшылық ғажайыпқа сендіре білгені үшін өнерпаздарға алғыстарын жеткізді.

Николетта Бальбо, көрермен:

- Жекелеген нөмірлер ерекше ықылас туғызды. Үнсіз қыс табиғатының қиял-ғажайып бейнесін жасайтын «Қар бүршігі» биі, комедиялық қытай биі «Шай» және үнді биі «Кофе». Бұл – тамаша музыкасы мен қызықты хореографиясы бар керемет балет. Жалпы алғанда, Рождество қарсаңында таңғажайып көріністер ең қуанышты әсер қалдырды. 

Нысаналы ЫҒЫЛ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу