22 наурызда елордада әнші Майра Мұхамедқызының «Шырқар әнім - Астана көктемі» атты концерті өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

22 наурызда елордада әнші Майра Мұхамедқызының «Шырқар әнім - Астана көктемі» атты концерті өтеді

13.03.2016
22 наурызда елордада әнші Майра Мұхамедқызының «Шырқар әнім - Астана көктемі» атты концерті өтеді

22 наурызда опера әншісі Майра Мұхамедқызы қазақстандықтар алдында өнер көрсетеді. «Шырқар әнім - Астана көктемі» атты концерт «Астана Опера» театры Үлкен залының сахнасында өтеді.

Кешке балет әртістері, «Астана Опера» хоры мен симфониялық оркестрі қатысады.

Дирижер - Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдинов, бас хормейстер - Ержан Дәуітов.

«Бұл концерт - шығармашылықты қорытындылау емес, тек жаңа белестің бастауы. 22 наурызда мен өз халқыма жаңа ұжыммен дайындаған жаңа бағдарламаны ұсынамын. Қазақстандықтардың алдында өнер көрсету - асқан жауапкершілікті талап етеді. Барлығы жоғарғы деңгейде болуы тиіс», дейді әнші. 

Бірінші бөлімнің бағдарламасында көрнекті композиторлар Дж.Верди, Ж.Массне, И.Кальман, Ж. Оффенбахтың шығармалары орындалса, келесі бөлімде қазақтың халық және заманауи әндері, А.Жұбанов пен Л.Хамиди, Е.Рахмадиев, С.Мұхамеджанов операларынан ариялар мен дуэттер шырқалады. 

Хабарламаларға жазылу