Қазақстандағы Өзбекстан жылының жабылу салтанаты ұйымдастырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандағы Өзбекстан жылының жабылу салтанаты ұйымдастырылды

13.12.2018

Қазақстан және Өзбекстан ынтымақтастығы жаңа белеске шықты. Бұл туралы Қазақстандағы Өзбекстан жылының жабылу салтанатында айтылды. Бір жыл бойы еліміздің әр түкпірінде түрлі шаралар ұйымдастырылды. Екі ел бар әлемге татулық пен бірліктің үлгісін көрсетіп отыр бүгінде. Қос тарап мұндай ынтымақтастықты алдағы уақытта да үзбей, керісінше арттыра беруге ниетті екендіктерін жеткізді. 

Саидикрам Ниязходжаев, Өзбекстанның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі:

- Біздің стратегиялық байланысымыз жаңа деңгейге көтерілді. Қос елдің тарихында жаңа парақ ашылды десек болады. Басқаға үлгі көрсететін деңгейге жеттік. Бұл тұста қазақ Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Өзбекстан президенті Шавкат Мерзиеевтың атқарған жұмыстарын ерекше атап өткен жөн. 

Оңғар АЛПЫСБАЙ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу