Қаллеки театры «Золотой Витязь» фестивалінде бас жүлдені жеңіп алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қаллеки театры «Золотой Витязь» фестивалінде бас жүлдені жеңіп алды

12.12.2018

Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық драма театры Мәскеу қаласында өткен «Золотой Витязь» фестивалінде бас жүлдені жеңіп алды. Бұл марапатқа өнер ұжымы Ресей астанасында қазақ тілінде қойған «Отелло» спектаклі үшін «Театр – үлкен форма» номинациясы бойынша лайық деп танылды. Театрдың көркемдік жетекшісі Талғат Теменовтің айтуынша, 2003 жылдан бері ұйымдастырылып келе жатқан бұл байқауда Қалибек Қуанышбаев атындағы театр осымен 2-ші мәрте жоғарғы марапатқа ие болып отыр.

«Золотой Витязь» фестиваліне Қазақстан, Ресей, Армения, Сербия, Румыния және Украина елдері қатысып, қазылар алқасы 100-ге тарта қойылымның ішінен үздіктерді анықтаған.

Нұртас СОЛТАНҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу