16-17 желтоқсанда Астанада «Алтын домбыра» айтысы өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

16-17 желтоқсанда Астанада «Алтын домбыра» айтысы өтеді

12.12.2018

ҚР Еңбек сіңіргенқайраткері, ақын Жүрсін Ерман студия қонағы болды.

«15 жасымда аудандық газетте жұмыс істей бастадым. Алғашқы жазған очерктерімнің бірі тұңғыш ұстазым Ұлданай Сауданбекова туралы еді. Ол көркем дүние болмаса да, мектеп партасынан шыққан сағынышқа толы сөздер еді. Жазу өнеріне қарай бетімді бұрған ұстазым - Сапарғали Кентай. Ал, өлең жазудың техникасын үйреткен ұстазым Көпбосын Исабаев. Одан кейінгі ұстаздарым елге танымал жандар.

3-4 күнде Астанада аламан айтыс болғалы жатыр. Айтысқа Мәдениет және спорт министрлігі үлкен қолдау көрсетіп, өңірлерден былтыр өткен айтыстың барлық жеңімпаздарын шақырып жатырмыз. Айтысқа Айбек Қалиев, Ринат Зайытов, Мұхтар Ниязов, Еркебұлан Қайназар, Әсем Ережеқызы, Жансая Мусина секілді айтулы, ел ішіндегі ақындар қатысады.

Мен тек айтыспен емес, жазушылықпен айналысып келе жатқан адаммын. Қалам ұстамайтын күндер аз»,- дейді ақын.

 

Толық нұсқа

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Хабарламаларға жазылу