«Алтын допқа» үміткер футболшылардың есімі белгілі болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Алтын допқа» үміткер футболшылардың есімі белгілі болды

02.12.2014
«Алтын допқа» үміткер футболшылардың есімі белгілі болды

Бүгін халықаралық Футбол федерациясы ФИФА биылғы «Алтын допқа» үміткер негізгі үш футболшының есімін жариялады, деп хабарлады sportnews.kz

Олар - «Реал» шабуылшысы Кришитану Роналду, «Бавария» қақпашысы Мануэл Нойер және «Барселона» шабуылшысы Лионел Месси. Үш футболшыға ФИФА-ға енген құрамалардың бас бапкерлері мен капитандары дауыс беріп, жеңімпаз есімін анықтайды.

Еске сала кетейік, «Алтын доп» иегері 2015 жылдың 12 қаңтар күні анықталады.

Хабарламаларға жазылу