Заңсыз қаржы айналымына қарсы халықаралық орталық құрылады
ТМД аумағында заңсыз қаржы айналымын анықтау үшін халықаралық орталық құрылады. Қазақстан кірістерді жылыстату және терроризмді қаржыландыру бойынша халықаралық келісімді күшейтті. Бұған Сенат мақұлдаған құжат негіз болады. Мүдделес елдер өзара ақпараттық жүйені жетілдіреді. Күмәнді қаражаттың транзиттік қозғалысы, активтердің түпкілікті орналастырылуы және салықтық қылмыстар сараланады. Сыбайлас жемқорлық бойынша мәлімет алмасып, трансшекаралық қылмыстық топтардың қызметі талданады. Қаржы мониторингі агенттігінің ақпарынша соңғы жылдары 15 ұйымдасқан қылмыстық топ жойылған. 45 қаржылық пирамида жабылды.
Мәулен Әшімбаев, Сенат төрағасы:
Бұл орталық осы бағыттағы қауіп-қатерлерді бағалауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ қаржылық барлау бөлімшелері арасында қорғалған ақпараттық жүйе арқылы ақпарат алмасуға жол ашады. Аталған заң кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы күресті арттыра түседі деп сенеміз.
Автор
Ернұр Медет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан - онлайн қызметтер индексі бойынша үздік ондықта
23.08.2026, 23:17
Әлем елдерінің 60%-ы бір палаталы Парламент жүйесімен жұмыс істейді
23.08.2026, 23:12
Еңбек адамының қоғамдағы рөлі артып келеді
23.08.2026, 23:09
Тәуелсіз бақылаушылар: Сайлау үдерісі ұйымдасқан түрде өтті
23.08.2026, 23:08
Сайлаудағы ерекше сәттер
23.08.2026, 23:05
Бельгияда дауыс беру аяқталды
23.08.2026, 23:03
Алғашқы болып дауыс бергендерге ҚР Конституциясы сыйға тартылды
23.08.2026, 22:00
Зиялы қауым өкілдері өз таңдауын жасады
23.08.2026, 22:00