«Береке Fest»: Тұрғындарға тиімді баға
Елімізде азық-түлік бағамын тұрақтандыруға бағытталған «Береке Fest» акциясы жалғасуда. Барлық өңірдің ірі сауда желілерінде халық күнделікті тұтынатын тауарлар жеңілдікпен сатылып жатыр.
Қызылорда қаласында жеңілдік науқанына қолдау білдірген 10-нан аса сауда нүктесі бар. Бүгінде тұрғындар игі бастаманың шарапатын көріп, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік пен тұрмыстық заттарды тиімді бағада сатып алуда. Әсіресе, отандық өнім өндірушілер белсенді атсалысып, олардың тауары ерекше сұранысқа ие. «Береке Fest» акциясы 30-қазанға дейін жалғасады.
Шынаркүл Қаниева, Қала тұрғыны:
Мына заттардың бәріне жеңілдік болып жатыр. «Береке Fest» акциясымен жақсы бағада алып жатырмыз. Өте қуаныштымыз. Осындай акциялар бола берсін.
Жадыра Тұрлығұлова, Қала тұрғыны:
Қазіргі таңда «Береке Fest» акциясы болып жатыр. Халықтың қалтасына тиімді акция. Тиімді бағада сатылуда. Күнделікті жеміс-жидегімізді осы жақтан аламыз. Бәрі арзан бағада.
Автор
Әділбек Серікұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Семсерлесуден жеңген спортшылар елге оралды
20.10.2026, 13:17
Алматыда ЖИ-ді дамытатын 2 ірі орталық ашылады
20.10.2026, 13:12
Павлодарда өрт сөндіруші роботты сынады
20.10.2026, 13:10
Астанада Ұлттық ұланның патрульдік бекеттері ашылды
20.10.2026, 13:09
Ыстанбұлда селге себеп болған ғимараттар сүріледі
20.10.2026, 13:07
Францияның бірнеше қаласында коменданттық сағат жарияланды
20.10.2026, 13:05
Ақтауда салынған жедел жәрдем станциясы сапалы қызмет көрсетуде
20.10.2026, 13:03
Әлемдік рейтинг: Қазақстан – Орталық Азиядағы ең қолайлы ел
20.10.2026, 13:02