Елорданың ең дарынды жастары анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елорданың ең дарынды жастары анықталды

06.12.2018

Жыл бойы елдің қоғамдық дамуына ерекше үлес қосқандар салтанатты шара барысында марапатталды. Байқауға қатысуға ниет білдіргендердің саны жыл өткен сайын артып келеді. Биыл 500-ден астам өтінім келіп түскен. Солардың арасынан үздік 60-ы ақтық сынға шықты. Соңғы кезеңде үміткерлердің жұмысы жалпы дауысқа салынып, халықтың таңдауы бойынша үздіктері іріктелді.

Кеште «Жылдың ең үздік студенті», «Жыл еріктісі», «Ерлігі үшін», «Ғылымға сіңірген еңбегі үшін» сынды 20 номинация бойынша жеңімпаздар құрметке бөленді. 

Ақұлан Тастемір, Астана қаласының Қоғамдық даму істері басқармасының бас маманы:

- Жастар өте белсенді. Өтінімдер көп түсті. Астанада 65 мыңдай студент бар. Олардың кем дегенде 30 пайызы белсенді.

Әсима НҰРБАЙҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу