Ауыл жастары Назарбаев университетіне түсе ала ма? (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ауыл жастары Назарбаев университетіне түсе ала ма? (ВИДЕО)

20.06.2017

Ауыл жастарына Назарбаев университеті қол жетпес шыңдай көрінеді. Осы орайда университетке түсу жолында ауыл жастарына мүмкіндік қандай?

Лоретта О’Деннелл: «Бізде ауыл, аудан жастары оқи алады. Қазақстанның ең дарынды жастары үшін университеттің есігі әрдайым ашық. Біз оқуды қалайтын студенттер арасында сынақ өткіземіз. Ең дарынды, білімді, озат 700-ден астам талапкер біздің университетте оқи алады. Бұл жерде ауылдың немесе қаланың жастары деп бөлуге болмайды».

Университет болашақта қандай жаңа бағыттарды дамытпақ?

Лоретта О’Деннелл: «Информатика, робототехника, экономика. Осы үш салаға қызығушылық жоғары. Сонымен бірге, кен өндіру және геофизика саласында жаңа мектеп ашу жоспарда бар.  Студенттер арасында бұдан өзге де басым бағыттар өте көп. Мысалы, робототехника қазіргі заманда өте қажет мамандық. Ал, экономиканы дамыту Қазақстан үшін аса маңызды. Елдің «Қазақстан-2050» стратегиясын жүзеге асыру үшін жастар макроэкономиканы білуі керек».

Хабарламаларға жазылу