Елорданың ең жас қаламгері анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елорданың ең жас қаламгері анықталды

02.06.2021

Елорданың ең жас қаламгері анықталды. Балаларды қорғау күнінде Разия Акпар есімді жеткіншектің алғашқы кітабының тұсауы кесілді. «Ертегі әлеміндегі ханшайым» деп аталатын шығарма балаларды адалдыққа, татулық пен ізгілікке үйретеді. Сиясы кеппеген бұл туындының ерекшелігі автордың шынайы өмірінен алынған оқиғаларды ертегі түрінде жеткізуінде. Сондай-ақ, Разия коронавирус індетін де ертегі желісіне арқау еткен. Жас қаламгер вирус туралы таным-түсінігін оқырман қауымға өзгеше жеткізді.

Разия Акпар, жас қаламгер: 
Маған өзімнің жыл мезгілдері деген ертегім қатты ұнайды. Бір жылда төрт жыл мезігілі бар.Сол төрт жыл мезгілін мен төрт қызға теңедім. Олардың әрқайсысы әртүрлі. Осы ертегінің мақсаты балаларға адамды сыртынан қарап өсектеуге болмайтына үйретеді.


Хабарламаларға жазылу