Еліміздің дарынды жастары анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздің дарынды жастары анықталды

12.12.2018

Ғылыми, шығармашылық және қоғамдық қызметте өзгелерден ерек, талантты, талапты жастар мемлекеттік  сыйлыққа ие болды. Осындай жемісті, жеңісті еңбек етіп жүрген 20 жас бүгін Ақорда төрінде «Дарын» төсбелгісін кеуделеріне тақты.  Олар әдебиет пен ғылымға, журналистика, халық шығармашылығы, спорт, бейнелеу өнері, эстрада, театр және кино номинациялары бойынша қатарластарынан озық жастар. Жалпы, Мемлекеттік жастар сыйлығы 1992 жылдан бері табысталып келеді. Содан бері марапатқа бөленген жүздеген жас буын бүгінде қоғамның әр саласын дамытуға өз үлестерін қосуда. 

 

Әсима НҰРБАЙҚЫЗЫ

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу