БҚО ауыл мектебінде тарихи-өлкетану музейі бар
Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы Ұзынкөл ауылдық мектебінде жәдігерлерге бай тарихи-өлкетану музейі жұмыс істеп тұр. Оның ішінде Кеңес Одағының батыры Мәншүк Мәметованың қаза тапқан жерінен әкелінген топырақ, жауынгер каскасы мен оқ-дәрілер бар. Бес жыл бұрын ашылған музей ауыл, мектеп және соғыс тарихына арналған бөлімдерден тұрады. Жәнібек пен Бөкей ордасы ауданы Сталинград майданының ең жақын тылы болды. 1942-43 жылдары соғыс жағдайы жарияланған бұл өлкеде кейін даладан бомба сынықтары, жау ұшағының қалдықтары, неміс бөшкесі табылған. Ал Мәншүк Мәметоваға қатысты жәдігерлер Невель қаласынан әкелінген. Жалпы, мұражайда 500-ге тарта жәдігер бар. Мұнда оқушыларға арналған практикалық және тәрбие сабақтары өтіп тұрады.
Гүлнар Бапақова, Ұзынкөл орта мектебінің мұғалімі:
Әрбір жеткіншек ұлттың тарихын білуі үшін ең бірінші өзінің туған жерінің тарихын білуі керек, мектебінің, ауылының тарихын білуі керек. Сондықтан осы музейді жасақтадық. Біз жәдігерлерді ауыл тұрғындарынан жинаймыз. «Музейге жәдігер сыйла» акциясы өтіп тұрады. Сол кезде оқушылар, ауыл тұрғындары тапсырады.
Автор
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан - онлайн қызметтер индексі бойынша үздік ондықта
23.08.2026, 23:17
Әлем елдерінің 60%-ы бір палаталы Парламент жүйесімен жұмыс істейді
23.08.2026, 23:12
Еңбек адамының қоғамдағы рөлі артып келеді
23.08.2026, 23:09
Тәуелсіз бақылаушылар: Сайлау үдерісі ұйымдасқан түрде өтті
23.08.2026, 23:08
Сайлаудағы ерекше сәттер
23.08.2026, 23:05
Бельгияда дауыс беру аяқталды
23.08.2026, 23:03
Алғашқы болып дауыс бергендерге ҚР Конституциясы сыйға тартылды
23.08.2026, 22:00
Зиялы қауым өкілдері өз таңдауын жасады
23.08.2026, 22:00