«Туған жерім» атты халықаралық байқаудың жеңімпаздары марапатталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Туған жерім» атты халықаралық байқаудың жеңімпаздары марапатталды

05.12.2018

«Туған жерім». Бүгін 14-ші халықаралық балалар шығармашылығы байқауы өз мәресіне жетіп, жүзден жүйрік шыққандар марапатталды. Талантты жастарды өнерге баулып, оларға түрлі техниканың тілін үйреткен ұстаздары да назардан тыс қалмады. Олар да лайықты сыйлықтарын алды.

Сондай-ақ, шара аясында үздік 70-ке жуық шығарма көпшілік назарына ұсынылды. Жалпы, байқауға 300-ге жуық жұмыс қатысқан.

Айта өтейік, 2004 жылдан бері ұйымдастырылып келе жатқан шығармашылық байқау бүгінде әлемдік деңгейге көтеріліп отыр. Ғаламның әр бұрышынан келген таланттылар бұл жолғы жұмыстарын тігіндегі құрақ құрау техникасы негізінде жасаған. 

Күләйша Ақтаева, ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасының кітапханасы директорының орынбасары:

- Дәстүріміздің негізінде заманауи технологиялар мен заманауи көзқарасты пайдаланып, жастарымыз құрақ техникасында өз туындыларын көрсетіп отыр.

Армангүл ТОҚТАМҰРАТ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу