Республикалық оқушылар байқауының жеңімпаздары марапатталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Республикалық оқушылар байқауының жеңімпаздары марапатталды

10.12.2021

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында мектеп оқушылары арасында өткен «Сен туған Қазақстаныңды білесің бе?» атты Республикалық байқаудың жеңімпаздары марапатталды. Сайысқа еліміздің барлық өңірінен 37 мыңнан аса бала қатысқан. Байқау кітап оқуға қызығушылықты арттыру мақсатында ұйымдастырылды. Оған Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырысымен «Shuqylakitap» баспасы мен «Рухани жаңғыру» қоғамдық даму институты бастамашы болған. Жеңімпаздарға кітаптар мен ноутбуктар, арнайы картиналар табысталды.

Жанна Жауһарова, «Рухани жаңғыру» қоғамдық даму институтының жетекші менеджері:

 Байқауға 5 және 7-сынып оқушылары қатысты. Байқау өткен жылдан басталған. Оның іріктеу кезеңдері болды. Аудандық, қалалық, облыстық және Республикалық кезеңдер өтті.


Хабарламаларға жазылу