Мәскеуде әдеби байқаудың жеңімпаздары марапатталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәскеуде әдеби байқаудың жеңімпаздары марапатталды

12.11.2015
Мәскеуде әдеби байқаудың жеңімпаздары марапатталды
Шараға Қазақстанның атынан қатысқан жас ақын Қанат Құлахметов, «Поэзия» аталымы бойынша 3-ші орынға ие болды.

Ресей астанасында ТМД мен өзге де шет мемлекеттердің жас қаламгерлері марапатталды.

«Русская речь» атты халықаралық әдеби байқаудың жеңімпаздарын құттықтау шарасы, Мәскеудегі Пушкин атындағы мемлекеттік мұражайда өтті.

Шараға Қазақстанның атынан қатысқан жас ақын Қанат Құлахметов, «Поэзия» аталымы бойынша 3-ші орынға ие болды. Бұл байқоңырлық қаламгердің өміріндегі ең алғашқы ірі жүлдесі.

Әдеби байқау, шығармашылыққа енді бет бұрған жас ақындар мен жазушыларды қолдап, гуманитарлық байланыстарды жандандыру үшін өткізіліп отыр.

Нұртас СОЛТАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу