«Балалар әлемі» атты республикалық байқаудың жеңімпаздары анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Балалар әлемі» атты республикалық байқаудың жеңімпаздары анықталды

04.11.2022

«Балалар әлемі» атты республикалық байқаудың жеңімпаздары анықталды. Сайысқа жалпы білім беретін мектептердің 3 және 10 сынып оқушылары қатысты. Олар төрт тақырып бойынша бақ сынап, жүзден жүйрік шыққандар арнайы сыйлықтармен марапатталды.

Балалар жылына орай ұйымдастырлған іс-шараның басты мақсаты – балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуға деген қызығушылығын арттырып, қазақ және шетел әдебиетін, ақын-жазушылардың шығармаларын зерттеуге қызықтыру.

Сауытбек Әбдірахманов, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты:

Жастардың бойындағы кітапқа құштарлықты оятуға әрекет басап, осындай байқау ұйымдастыруды қай жағынан да қолдауға тұрарлық. Оған қатысқандардың саны да көп, сапасы да жоғары болды.

Ақмаржан Ғафизқызы

Хабарламаларға жазылу