Энергетика саласының болашағы – орта державалардың қолында
Энергетика саласында Қазақстан сияқты «орта» держава елдері алдыңғы қатарға шығып келеді. Kazakhstan Energy Week — 2025 және XVI Еуразиялық KAZENERGY форумына қатысып жатқан халықаралық ұйым мен ірі компания өкілдері осылай дейді. Өйткені, аталған санатқа жататын мемлекеттер энергетикалық қауіпсіздікті нығайта алады. 2,5 мыңнан астам делегат бас қосқан ауқымды жиында тағы қандай мәселелер қаузалды? Қазақстанның алдағы жоспары қандай?
Әлемнің 50-ден астам елінен 300-ден аса компания, 2,5 мың делегат жиналып, кешелі бері энергетика саласының бүгіні мен болашағы туралы пікір алмасып жатыр. Нақтырақ айтсақ ОПЕК елдері, халықаралық беделді ұйымдар мен ірі компания және сараптамалық қоғамдастық өкілдері саланы дамытудың жаңа тетіктерін қарастыруда.
Нұрсұлтан Тілектес, тілші:
Форумға қатысушылар энергетиканың болашағы орта державалардың қолында екенін айтып отыр. Энергетика көшбасшылары мен халықаралық ұйымдардың өкілдері бүгін бұл елдердің табиғи ресурстар қоры, өнеркәсіптік әлеуеті және бейімделу икемділігін пайдалана отырып, жаһандық энергетикалық үдерістерге ықпал ету мүмкіндіктерін талқылады.
Біз сөзбен айтқанда қазір жаңартылатын энергия көздері қарқынды түрде дамып келеді және жыл сайын жаңа қуат түрлері пайда болуда. Яғни, әлем елдері таза энергетикаға көшуге ерекше екпін қойып отыр. Солардың бірі – Қазақстан. Елімізде қазір жалпы қуаты 4 ГВт-тан асатын жаңартылатын энергия көздерін дамыту жобалары жүзеге асырылуда.
Франческо Ла Камера, Жаңартылатын энергия көздері жөніндегі халықаралық агенттіктің бас директоры:
Орта державалар энергияны әртараптандыру және қазба отыны бағасының құбылмалылығына тәуелділікті азайту арқылы энергетикалық қауіпсіздікті күшейте алады. Бұл орайда батыс пен шығысты байланыстыратын Қазақстан маңызды рөл атқарады.
Мұнай өндіру мен тасымалдау үшін жыл сайын $700 млн инвестиция қажет
Форумда сөз сөйлеген Мұнай экспорттаушы елдер ұйымының Бас хатшысы Хайтам әл-Гайс энергоқауіпсіздік пен орнықты дамуды қамтамасыз ету қажеттігін атап өтіп, мұнай-газ саласына инвестицияларды ұлғайтуға шақырды.
Хайтам Әл-Гайс, Мұнай экспорттаушы елдер ұйымының бас хатшысы:
Әлемде жылдан жылға мұнай тұтыну көлемі арттып келеді. Өткен жылы-ақ газ, көмір, мұнай және жаңартылатын энергия көздерін тұтыну рекордтық көрсеткішке жетті. Сондықтан энергия өндіру мен тасымалдау ісін жандандыру керек. Ал оған жыл сайын шамамен 700 млн доллар инвестиция қажет.
Қазақстан 2026 жылы 90 млн тонна мұнай өндіреді
Бұл мұнаймен күн көретін Қазақстан үшін аса маңызды. Тиісті министрлік өкілдерінің айтуынша, елімізде алдағы уақытта жылына 100 млн тонна қара алтын өндіру деңгейіне жетеді.
Санжар Жаркешов, ҚР Энергетика вице-министрі:
Бұл деген тарихта бірінші жетістік. Өйткені өте үлкен көлемде мұнайды өндіру оңай емес. Уақыты келген, бұрыннан бері өндіріліп келе жатқан мұнай-кен орындарында өндіру деңгейі азайғандықтан біз оларды ұлғайтамыз.
Құны $15 млрд болатын 6 жоба іске асады
Форумда Қазақстан
мүмкіндіктері туралы айтылды. Мәселен елімізде мұнай-газ химиясында жалпы қуаты
500 мың тонна болатын полипропилен зауыты іске қосылды. Сондай-ақ жылына 1,25
млн тонна полиэтилен өндіретін жоба жүзеге асырылуда. Бұдан бөлек бутадиен,
карбамид өндіру қолға алынды. 2030 жылға дейін жалпы құны $15 млрд-тан асатын
алты жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Жалпы бұл форумның Қазақстанға берері
зор. Кеше және бүгінгі панельдік сессияларда отындық және шетелдік компаниялар
арасында энергетика бағытындағы бірқатар келісімдер жасалды. Айта кету керек
шара ертең де жалғасады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
