Ауылда жауынгерлік Даңқ музейі ашылды
Ақмола облысының Родина ауылында Даңқ музейі ашылды.
Музей жәдігерлерінің басым бөлігі екінші дүниежүзілік
соғыс кезеңіне тиесілі. Онда шамамен 300-ден астам экспонат қойылған. Оның
ішінде майдан даласындағы бронтехникадан бастап, теңіз және әуе кемелеріне
дейін бар. Қару-жарақтың да түр-түрі кездеседі.
Жалпы, Ақмола облысы соғыс жылдары еліміздің қорғанысына үлкен үлес қосқан.
60-тан астам жауынгер Кеңес Одағының Батыры атанған. Мәдени нысан еліміздің Қарулы
Күштерінің ұлттық әскери-патриоттық орталығына қарасты әскери-тарихи музейінің
филиалы болып табылады.
Арман Әсенов, ҚР Қарулы Күштері ұлттық әскери-патриоттық орталығының бастығы:
Осындай әскери-тарихи музейдің ашылуы өскелең ұрпақтың патриоттық тәрбиесі үшін маңызды қадам деп санаймын. Әскери қару-жарақтарды көзбен көріп, батырларымыздың ерлігін біліп өскен жастардың бойында тарихымызға деген құрмет болады. Бұл да патриотизмнің белгісі. Музей әрі қарай да әскери жәдігерлермен толығып отырады.
Автор
Бибінұр Әмірханқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17