Басты Жаңалықтар Оралда жаңа мектеп-лицей пайдалануға берілді

Оралда жаңа мектеп-лицей пайдалануға берілді

Оралда дарынды балаларға арналған облыстық №8 мектеп-лицейдің жаңа ғимараты салтанатты түрде ашылды.

Бұрынғы нысан 1952 жылы салынған апатты жағдайдағы білім ошағы еді. Мемлекет басшысының тапсырмасымен заманауи, жарқыраған жаңа мектеп бой көтерді. Бұл – сапалы білімнің баршаға бірдей қолжетімділігін қамтамасыз етудің айқын көрінісі. Бұған дейін Үкімет Арнаулы мемлекеттік қордан мектеп құрылысына 2,8 млрд теңге бөлген еді. Жаңа ғимарат 400 оқушыға лайықталған. Балалардың білім алуына барлық жағдай жасалған. Салтанатты шарада Ұстаздар күніне орай сала ардагерлері мен мұғалімдер Алғыс хатпен марапатталды.

Әлима Саурова, облыстық дарынды балаларға арналған №8 мектеп-лицей директоры:

Дарынды балаларға арналған мамандандырылған 8 облыстық мектеп-лицейіне заманауи талаптарға сай төрт қабатты 400 орындық ғимарат қолданысқа берілді. Оқушыларымыз үшін, ата-ана үшін, ұжым үшін де үлкен қуаныш. 

Анар Бұрашева, Орал тұрғыны:

Мектебіміздің есігі айқара ашылды. Барлық құрал-жабдықтармен жабдықталған, заманауи тұрғыда салынғанына қуанып отырмыз. Әрине, осындай мүмкіндік туғызған барлық ата-аналар атынан Президентімізге алғыс білдіреміз.


Бөлісу