Батыс Қазақстанда жас мамандар кәсіпорын жұмысын алға жетелеп келеді
Батыс Қазақстан облысындағы Пойма май зауытында өңірдегі үздік жас маман қызмет етеді. Нейля Игимова - химик-зертханашы. Ешбір өнім оның талдауынсыз өндіріске жіберілмейді.
Өсімдік майы дайын күйінде қолданылмас бұрын сан түрлі талдаудан өтеді. Оны Нейля сияқты мамандар микроскоппен қарап, сүзгіден өткізеді. Химик-зертханашы Алматы технологиялық университетін аяқтаған соң Пойма май зауытына жұмысқа орналасқан. Жас маман шикізаттың сапалық құрамын тексеріп, талапқа сай екендігін қадағалайды.
Нейля Игимова, химик-зертханашы:
Майдың құрамын есептеймін. Оның қышқылдық саны деген болады. Соның барлығын, сапасына әсер ететін анализдердің барлығын жасап отырамыз. Еңбек - тек қана табыс көзі емес, адамның дамуына да үлкен үлесін қосатын құндылық.
Кәсіпорында 180 адам еңбек етеді. Олардың жұмысын жеңілдету үшін бірнеше цехтағы технология желісі автоматтандырылған. Өндірісте жас мамандармен қатар, зауыт ашылғалы 15 жылдан бері тер төгіп әрі кейінгіге тәлімгер боп жүрген аға буын өкілдері бар.
Әнуарбек Шаутов, бас технолог:
Нейля Әмірбекқызы жұмысқа келгеннен бері өзін жауапты, тәртіпті, бастамашы маман ретінде көрсете білді. Химиялық талдауларды тез және уақытында орындайды. Құжат жүргізуде де сауатты. Талдауларды, жаңа әдістерді тез меңгереді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
