Басты Жаңалықтар Күніне орта есеппен 113 адамды ит қабады

Күніне орта есеппен 113 адамды ит қабады

Ел көлемінде күніне орта есеппен 113 адамды ит қабады. Негізінен әйелдер мен балалар зардап шегеді. Тек былтыр ғана 42  мыңға жуық адамды  бұралқы ит талап, олардың 90 пайызы жарақаттанып, ұзақ уақыт емделген. Сондықтан халықтың ұсыныс,пікірін ескерген депутаттар заңға өзгеріс енгізуді қолға алды.Жаңа құжат халықтың қауіпсіздігін арттыруға және қаңғыбас жануарлар мәселесін жүйелі шешуге бағытталған.  Қазіргі қолданыстағы  заң нормасы өз нәтижесін берген жоқ. Себебі ұсталған бұралқы  ит белгілі мерзімнен кейін қайта жіберіледі.Жалпы иесіз итті ұстап, панажайларда уақытша асырауға 2022 жылы ел бюджетінен  1,2 миллиард, 2025 жылы 3 миллиард теңге  бөлінген. Қолданыстағы  заң бойынша көзін жоюға болмайды. Алайда еркіндікке шыққан ит адамға қайта шабады. Тек Шығыс Қазақстан облысында соңғы үш айда 130 адамды ит қапқан. Қазір бұл өңірде бұралқы иттерді уақытша ұстайтын 11 панажай жұмыс істейді. Қазір бұл жұмыс жергілікті әкімдіктердің қарамағына өтті.

Сәуле Дәулетқызы, облыстық Ветеринария басқармасының бөлім басшысы:

Бұл қызмет басқарманың қарамағында болғанға дейін басқарма жеке кәсіпкерлермен келісім шарт жүргізілген болатын. Наурыз айына дейін 250 ит ауланды. Бірінші наурыздан бастап жергілікті әкімдіктер айналысып жатыр.
Бөлісу