Басты Жаңалықтар БҚО-да метанол өндіретін газ-химиялық зауыт салынады

БҚО-да метанол өндіретін газ-химиялық зауыт салынады

Батыс Қазақстан облысында метанол өндіретін газ-химиялық зауыт құрылысы басталады. Мемлекет басшысы өз Жолдауында экономиканы әртараптараптандыруға, әсіресе, өңдеу өнеркәсібін дамытуға басымдық берді. Облыстағы Қарашығанақ кен орны – мұнай-газ өнеркәсібіндегі маңызды нысан. Алайда мемлекет басшысы меңзегендей, ендігі мақсат – шикізатты шетке сатпай, ел ішінде өңдеп, дайын өнім өндіру. Сұйық метанол өндіретін жаңа кешен – осы бағыттағы нақты қолға алынған жоба. Бұл туралы Жолдауды талқылаған облыс активінің отырысында айтылды. Бұдан басқа өңірде кірпіш, мұнай-газ жабдықтары, минералды су, мұнай өнімін өңдеу зауыттары жұмыс істеп тұр. Жаңа кәсіпорынды іске қосу жаңа жұмыс орындарының ашылуына сеп болады.


Мұрат Мұқаев, облыстық Мәслихат төрағасы:

Қытай инвесторының қатысумен «ZhaikPetroleum» құны 78,8 млрд.теңгеге сұйық метанол өндіретін газ-химиялық кешен құрылысын жүзеге асыруда. Өнеркәсіпті дамыту қоры және Қазақстанды дамыту банкі арқылы 58 млрд. теңге көлемінде қаржыландыруды мақұлданды. Ағымдағы жылдың қазан айында құрылыс жұмыстарын бастау жоспарлануда.


 




Бөлісу