Түркия мектептерінде қоңырау соғылмайтын болды
Түркияның бірқатар мектептерінде жаңа оқу жылынан бастап сабақтың басталғаны мен аяқталғанын білдіретін қоңырау соғылмайтын болды. Түркияның Білім беру министрлігі «Қоңыраусыз мектеп» бағдарламасын қабылдады. Оған сай оқушылар қай уақытта үзіліске шығатындарын мұғалімдерімен келісе отырып өздері анықтайды. Мамандар бұл жоба балаларды жастайынан шешім қабылдауға баулиды деп санайды. Қоңыраудың орнына мектептің көрнекті жерлеріндегі экрандарда сабақтың басталуы мен аяқталу уақыты көрсетіліп тұрады. Ал қоңыраудан бас тартқысы келмеген мектептерде оның дауысы бәсеңдетіледі және қоңырау үшін министрлік бекіткен арнайы дыбыстар ғана қолданылады.
Айдос Әшімұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақтөбе облысында екі жыл ішінде 39 ауыл газға қосылды
18.09.2026, 13:12
Қазақстан инвестиция тартуда жаңа тәсілге көшті
18.09.2026, 13:09
ЖИ ғылымға жүйелі енгізіледі
18.09.2026, 13:06
Тараздық ұстаз 16 мың кітап оқыған
18.09.2026, 13:03
Жылдың үздік 10 оқырманына 10 млн теңге беріледі
18.09.2026, 13:00
Азия ойындарына бір күн қалды
18.09.2026, 10:09
Азия ойындарының әзірлігі аяқталып келеді
18.09.2026, 10:08
ЕО-ның 27 елінде жасөспірімдердің әлеуметтік желіні қолдануына тыйым салынуы мүмкін
18.09.2026, 10:07