Жылдың үздік 10 оқырманына 10 млн теңге беріледі
Жылдың үздік 10 оқырманына 10 миллион теңгеден беріледі. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаев мәлімдеді. Кітап оқу марафонына екі аптаның ішінде миллионнан астам қазақстандық тіркелген. Мемлекет басшысының кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі Жарлығы аясында қолға алынған «Жылдың 10 оқырманы» республикалық жобасы ел көлемінде қолдау тауып отыр. Жоба 195 аудан мен 87 қаланы қамтиды. Қатысушылар алты айда 15 кітап оқып, кейін зияткерлік сайыстарда білімін сынайды. Нәтижесінде үздік он оқырман анықталып, олардың әрқайсысына 10 миллион теңгеден сыйақы табысталады. Игі бастамаға мемлекеттік және қоғам қайраткерлері де үн қосып жатыр. Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаев «Парасат» арнайы санатына тіркеліп, көшбасшылық пен мемлекетке қызмет ету тақырыбындағы 15 кітапты оқуға кірісті.
Бұл санатта сыйақы немес жүлде қарастырылмаған. Оның мақсаты – елге белгілі азаматтардың қоғаммен ой бөлісіп, кітап оқудан жастарға өнеге көрсету. Жобаның ұйымдастырушысы ретінде емес, ел азаматы ретінде менде парасат санты бойынша марафонға қатысамын. Үкімет мүшелері, құрылтай депутаттары мен жалпы танымал тұлғаларды осы санат бойынша марафонға қатысуға шақырамын.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы