Қазақстан инвестиция тартуда жаңа тәсілге көшті
Қазақстанда инвестиция тартудың жаңа моделі қалыптасып жатыр. Былтырғы Президент Жолдауын жүзеге асыру аясында «Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдинг ретінде қайта құрылды. Жаңа тәсілдің негізгі мақсаты – мемлекеттік қаржыны ғана емес, жеке және шетелдік капиталды белсенді тартып, өңдеу өнеркәсібін, инфрақұрылым мен шикізаттық емес экспортты дамыту. 2025 жылы негізгі капиталға салынған инвестициялар 23,5 триллион теңгеге жуықтап, нақты өсім 16,7 пайызға жетті. Ал биыл қаңтар-тамызын ацларында инвестицияның 86 пайызы бюджеттен тыс қаражат есебінен қалыптасты. Қаржы құюдың бағыты да өзгеріп келеді. Өңдеу өнеркәсібінің үлесі екі жылда 10,7 пайыздан 14,1 пайызға дейін өсті. Бұл – экономиканы әртараптандыруға бағытталған үрдістің бір көрсеткіші.
Біздің негізгі міндетіміз – инвестиция тартып, оны отандық өндірісті дамытуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және экспортты ұлғайтуға бағыттау. Стратегиялық мақсат 29 жылға қарай қосымша 150 млрд АҚШ доллары көлемінде инвестиция тарту. Осыған байланысты бизнес қолдау тәсілдерін де өзгерттік. Енді ел экономикасына қажетті жобаларын өзіміз анықтап ,оларды іске асырудың барлық кезеңінде қолдау көрсетеміз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы