Атырауда күй атасы Құрманғазыға арналған ұлт-аспаптар оркестрлерінің халықаралық фестивалі басталды. Шараға 15 өнер ұжымы қатысып жатыр. Олардың арасында Ресей, Өзбекстан, Қырғыз елдерінен келген өнерпаздар да бар. Фестивальде оркестрлер Құрманғазы Сағырбайұлының шығармаларын орындайды. Ұжымдардың өнеріне мәдениет саласының майталмандары мен өнер қайраткерлері баға береді. Ұлттық музыканың дүбірлі тойы 3 күнге жалғаспақ.
Айтқали Жайымов, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері:
- Домбыраның қадір-қасиетін көтеру үшін Құрманғазы бабамызды тағы да еске салу үшін жиналып жатыр. Сондықтан, мәртебесі өте жоғары.
Жандос ТЕМІРҒАЛИЕВ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.