Ыстанбұлда домбыра үйірмелері жұмыс істеп тұр
Ыстанбұл қаласында төрт жылдан бері домбыра үйрету курсы жұмыс істеп келеді. Бүгінге дейін жүздеген түрік және қазақ балалары бұл жерден ұлттық аспабымызда ойнауды үйреніп, қазір түрлі деңгейде өнер көрсетіп жүр. Курстың жетекшісі түрік азаматы Седат Солакоғлы. Анадолыдағы қазақ өнерінің жанашыры туралы келесі бейнематериалда.
Ерке сылқымды нақышына келтіре шертіп отырған домбырашы түрік азаматы Седат Солакоғлы. Ыстанбұл қаласында тұрады. Бүгінде осында домбыра курсын ашып, жастарға ұлттық аспабымыздың қыр сырын үйретіп жүр.
Седат Солакоғлы, домбырашы:
Домбыра сабақтарына осымен төртінші жыл. Қазақстанның Ыстанбұл бас консулының бастауымен осы сабақтарға бастадық. 150-ден астам домбыра үйірмесіне қатысатын оқушылар бізде болды. Олардың біразы домбыра меңгеріп, Түркияның басқа да жерлерінде домбыра тартып жүр. Өнер көрсетіп жүр. Сондай деңгейге жетті.Ыстанбұлдағы Абай атындағы қыздар мектебінде ашылған домбыра курсына бүгінде 25 бала қатысып жүр. Бастауыш және жалғастырушы топтарға бөлінген. Олардың көбі Түркияда жұмыс істейтін отандастарымыздың балалары.
Нұрайым, домбыра курсына қатысушы:
Екі айдан бері домбыра курсына келіп жүрмін. Екі күй үйрендім «Қуаныш» және «Келіншек» күйлері. Менің домбыра үйренудегі мақсатым сахналарға шыққым келеді. Өзім үйреніп дамығым келеді.Әдия, домбыра курсына қатысушы:
Қазаннан бері қатысам сегіз ай болды. Домбыраны вообще білген жоқпын тек қана мына жаққа келіп үйрендім. Жақсы үйретеді. Менің ең бірінші домбыра ағайым және маған ол өте қатты ұнайды. Домбырамен сахнаға шыққым келіп тұр.Бала күнінен музыкаға қызыққан Седат бір концертте домбыра үнін естіп, қатты ұнатады. Содан кейін өзіне домбырашы болам деген мақсат қояды. Мектеп бітірген соң Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи университетінің музыка факультетіне оқуға түсіп кәсіби музыкант болып шықты.
Седат Солакоғлы домбырашы:
Одан кейін менде сұраныс тағы да көп болып Алматыға бардым. Алматыда Айгүл Үлкенбаева қазір профессор күйші апамыз, қазақтың үлкен домбырашыларынан бірі Айгүл Үлкенбаева ұстазыммен таныстым содан көп сабақ алдым. Ол мені Түркиядағы шәкіртім деп қабылдады. Онымен бірге концерттерге шықтық Қазақстанның біраз жерлерінде.Атырау қаласы болсын, Алматы қаласында болсын. Өнер көрсеттік.Бүгінде Ыстанбұлдағы мерекелік шаралардың бірде-біреуі Седаттың қатысуынсыз өтпейді десек болады. Ол өз шәкірттерімен әрдайым сахнаның сәнін кіргізіп келеді. Қазақ өнеріне мұндай ерекше ықыласы ескерусіз қалмады. Өткен жылы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды. Айдос Әшімұлы ҚҰА Түркиядан
Автор
Айдос Әшімұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Әлем чемпионатында көрермендер саны бойынша рекорд тіркелді
26.06.2026, 10:25
5 айда Түркістанға 143 мыңнан астам турист келген
26.06.2026, 10:18
Ресейде студент саны 40% қысқарды
26.06.2026, 10:17
Баланың қауіпсіздігін қамтамасыз етпеген ата-аналар жауапқа тартылуы мүмкін
26.06.2026, 10:17
Цифрлық қауіпсіздік пен жеке деректерді қорғау күшейтілді
26.06.2026, 10:15
100 миллиондай адам ыстықтан сақтану туралы ескерту алды
26.06.2026, 10:14
Жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 235-ке жетті
26.06.2026, 10:13
Мемлекет Басшысы Венесуэла халқына көңіл айтты
26.06.2026, 10:12