Алматыда интерактивті музыкалық кеш өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда интерактивті музыкалық кеш өтті

19.10.2018

Алматыда Құрманғазы атыдағы Қазақ Ұлттық консерваториясында интерактивті кеш өтті. «Цифрлы күз» жобасы аясында Францияның белгілі өнерпаздары концерт қойды.

Оның бір ерекшелігі сол, олар мультимедиалық жаңа технологияларды пайдаланды. Смартфон мобильдік компьютердің шағын нұсқасы болғандықтан, интерактивті кештің сүйемелдеуші негізгі құралы ретінде ұялы телефон қолданылды. Арнайы қосымшаны жүктеп алып, қызығушылық танытқан кез келген адам қосылып ойнай алады. Сондықтан, өнердің бұл түрі Францияда кең тарай бастаған. «Дегенмен, бұл өнерді түсіну өте күрделі», - дейді мамандар.  

Филипп Мартинэ, Францияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі:

Қазақстандағы «Цифрлы күз» интерактивті музыкалық кешінде көрермен өздерінің ұялы телефонымен әуен ойнайды. Бұл мәдениет пен музыканы таныстырудың жаңа тәсілі. Осы бағдарламаның жалғасы ретінде басқа да шараларымыз болады. Мәселен, интерактивті көрме ұсынамыз. Онда да жаңа әлемнің таңсық құбылыстары саналатын дүниелер бар.

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу