Алматыда «Жыр алыбы - Жамбыл» атты музыкалық-поэзиялық кеш өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда «Жыр алыбы - Жамбыл» атты музыкалық-поэзиялық кеш өтті

26.02.2021

Алматыда Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған «Жыр алыбы - Жамбыл» атты музыкалық-поэзиялық кеш өтті.

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орайластырылған шараға жамбылтанушылар, қоғам қайраткерлері мен зиялы қауым өкілдері қатысты. Рухани кеш аясында ақиық ақынға арналған кітап көрмелері қойылды. Жыр алыбының туындылары туралы құнды әдебиеттер ұсынылды. Игі бастамалар Жамбыл мұрасын жаңғыртып, оның шығармашылығын кеңінен насихаттауға бағытталған деді жиналғандар.

Темірхан Тебегенов, филология ғылымдарының докторы:
Бұл деген сөз қазақ халқының рухани мұрасына деген бұрынғы ата-бабалық дәстүрді кейінгі ұрпақтың жалғастыратындығына халықтың көңіліне сенім ұялатып отыр. Өткенді ұлықтау, халық тарихындағы тарихи тұлғаларды ұлықтау арқылы бүгінімізді, ертеңімізді белгілейтінімізді танытып отыр.

Хабарламаларға жазылу