«Астана Опера» театрында вокалдық музыкалық кеш өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Астана Опера» театрында вокалдық музыкалық кеш өтті

27.03.2014
«Астана Опера» театрында вокалдық музыкалық кеш өтті

«Астана Опера» театрында Әлфия Кәрімова мен Сүндет Байғожиннің вокалдық музыкалық кеші өтті. Онда өнерсүйер қауым үшін бұрын-соңды естімеген романстар мен ариялар, сондай-ақ, башқұрт елінің халық әндері шырқалды.

 
Концерттік бағдарлама көрермендерге ұлттық музыкадан бөлек, классикалық музыка туындыларын әлемнің 8 тілінде тыңдауға мүмкіндік берді.
 
Айта кетейік, Әлфия Кәрімова - Башқұрт елінің Еңбек сіңірген әртісі. Ол осыған дейін Испания, Ұлыбритания, Ресей елдерінің рухани ордаларында өнер көрсеткен.
 
Айдан ҮСЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу