Алматыда интерактивті көрме өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда интерактивті көрме өтті

23.10.2018

Алматыда «Цифрлы күз» бағдарламасының аясында интерактивті көрме өтті. Францияның танымал пластикалық суретшісі Оливье Рацидің туындылары көпшіліктің назарына ұсынылды. Ол жаңа технологияның көмегімен уақыт пен кеңістікті төрт бұрышты пластикалық жүйеге сыйдырған. Жыл өткен сайын сандық технология өнердің барлық түріне кіріп жатыр. Сондықтан, суретші өзін осы жаңа бағытта сынап көруге тәуекел еткен. 

Оливье Раци, пластикалық суретші:

- Бұл көрмеде осы заманға сай технологияның көмегімен жасалған екі туындымды ұсындым. Алматылық талғампаз көрермен оларды жоғары дәрежедегі еңбек деп жатыр. Сондықтан, бейнелеу өнерін бағалайтын тұрғындарға алғысым шексіз. Алдағы уақытта тағы да ізденіп осындай дүниелерді көбейтуге тырысамын. Бірақ, бұл оңай шаруа емес. Себебі, пластикалық қозғалыстағы графиканы жасау үшін дәлдік пен қажырлы еңбек керек.

 

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу