Алматыда «Қазақстан астаналары - біздің тарих, біздің тағдыр» атты кеш өтеді
2 шілде күні, сағат 15.00-де Алматыда ҚР Президенті мұрағатында Астана күніне орай «Қазақстан астаналары - біздің тарих, біздің тағдыр» атты кеш өтеді.
Кешке қатысушылардың назарына Қазақстан астаналарын жариялау және олардың көшірілу тарихымен байланысты көрме ұсынылады. Сонымен қатар, астаналар тарихы туралы деректі фильм көрсетіледі.
Мерекелік кеш барысында Алматы қаласы ұлттық мәдени орталықтарының, Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясының, Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының, сондай-ақ, Алматы және Қызылорда қалаларының өнер ұжымдарының қатысуымен дайындалған музыкалық композициялар орындалады.
Шараға белгілі қоғам және мемлекет қайраткерлері, тарихшылар, мемлекеттік мұрағат қызметкерлері шақырылды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Гибридті көлік иелері қосымша төлемге қарсы
14.05.2026, 20:58
Психдиспансерде есепте тұрған адам мектеп автобусымен оқушыларды тасыған
14.05.2026, 20:56
Жұмысшы құқығын қорғауға бағытталған заң мақұлданды
14.05.2026, 20:55
Туризмді түлеткен жобалар
14.05.2026, 20:53
Астанада Еуразиялық экономикалық форум өтеді
14.05.2026, 20:14
Қазақстан мен Түркия президенттері Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығына барды
14.05.2026, 20:13
Ертең Түркі мемлекеттер ұйымының бейресми саммиті басталады
14.05.2026, 20:12
Сарапшы: Түркі мемлекеттері ұйымының геосаяси ықпалы артып келеді
14.05.2026, 20:08