Павлодарда «Арқаның асыл мұрасы» атты көшпелі көрме ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда «Арқаның асыл мұрасы» атты көшпелі көрме ашылды

17.10.2018

Павлодарда  Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану музейінің «Арқаның асыл мұрасы» атты көшпелі көрмесі ашылды. Шараға Орталық Қазақстан өңірінің материалдық және рухани бай мұрасы әкелінген. 6 бөлімнен тұратын көрмеде сонау орта  ғасырлардан бастап  осы заманға дейінгі құнды мұралар топтастырылған.

Ең бағалы жәдігерлер қатарында 2010 жылы Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Қасым Аманжолов  ауылынан табылған Қазақстанның төртінші «Алтын адамы» бар.

Сондай-ақ, бұл жерден  әйгілі Қоянды жәрмеңкесінде саудаға түскен орамал, май шайқағыш, кешкіш, шөген секілді тұрмыстық заттарды көруге болады. Келесі бір бөлімде «Кеншілер қаласының» тарихымен танысып, осы өлкеден шыққан ұлы тұлғалардың  өздері тұтынған  жеке заттары жайғастырылған. Оның ішінде Қазақтың  тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіровтің  кителі де бар.

Ержан Нұрмағанбетов, Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры:

- Бүгінгі іс-шарамыз Бұқар жырау Қалқаманұлының 350 жылдығына арналады. Бұл тек Қарағанды облысы ғана емес, Павлодар облысына бірдей тұлға. Сондықтан, тойлау мақсатында Павлодар облыстық тарихи-өлкетану мұражайына келуді шештік. 

Өзгеріс ҚУАНАР

Хабарламаларға жазылу