Таразда «Өнер - ата дәстүр мұрасы» атты көрме ашылды (ФОТО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Таразда «Өнер - ата дәстүр мұрасы» атты көрме ашылды (ФОТО)

05.02.2015
Таразда «Өнер - ата дәстүр мұрасы» атты көрме ашылды (ФОТО)

Жамбыл облыстық көрме залында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Өнер - ата дәстүр мұрасы» атты көрме ашылды.

Көрмеге Тараз мемлекеттік педагогикалық институты шығармашылық мамандықтар факультетінің оқытушылары мен студенттерінің 60-тан астам қолданбалы өнер және кескіндеме жанрындағы туындылары қойылған.

Атап айтқанда, Қ. Нұрбайқызының «Айша бибі», А. Аманжолдың «Шебер қолы», А. Нейфелбдтің «Бесік», А. Жанқожаеваның «Караван» атты картиналары тарихтың терең қойнауынан сыр шертеді.

Ал, Ж. Тұрмаханованың «Бәйтерек тарихы», Ш. Жұмалиеваның «Астана жолы», Г.Нұрпаштың «Ертегі әлемі», Ж. Қилыбаеваның «Көктем көңілі», А. Фиешканың «Нежность» тақырыбындағы өнер туындыларында еліміздің жеткен жетістіктері  көркем бейнеленген. 

Сонымен қатар, ұлттық музыкалық аспаптар мен киімдер, күнделікті тұрмыс-тіршілікте қолданылған заттар қойылған.

Көрме екі апта бойы Тараз қаласының тұрғындары мен қонақтарының  назарына ұсынылмақ.

Хабарламаларға жазылу