Президенттік оркестр Атырау жұртшылығына арнап өнер көрсетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президенттік оркестр Атырау жұртшылығына арнап өнер көрсетті

20.09.2018

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі Президенттік оркестрі Атырау жұртшылығына арнап өнер көрсетті. Бейбарыс алаңында өткен шараға өнерсүйер қауым көп жиылды. Президент оркестрінің өнерпаздары жұртшылыққа 16 әннен тұратын музыкалық бағдарламасын ұсынды. «Кең далам», «Елбасы», «Ұлы дала» секілді әндерін жергілікті халық сүйсініп тыңдады. Сондай-ақ, Президенттік оркестрдің шығармашылық ұжымы халық әндерімен қатар, джаз, әлемдік классика туындыларын да шебер орындап, көптің көңілінен шықты. 

Талғат Бердіғұлов, Мемлекеттік күзет қызметі президенттік оркестрінің жетекшісі:

- Концертіміздің бағдарламасында тек қана өзіміздің балалардың жазған әндері ғана емес, сондай-ақ, Ғарифолла Құрманғалиев ағамыздың әндері бар. «Еділ мен Жайық» деген Ілия Жақанов ағамыздың әні бар. Өзіміздің арнайы Атырау облысына, Атырау халқына деген музыкалық сәлемімізді беруге келдік.

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу