Елордада Мемлекеттік күзет қызметінің Президенттік оркестрі концерт өткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада Мемлекеттік күзет қызметінің Президенттік оркестрі концерт өткізді

23.04.2016
Елордада Мемлекеттік күзет қызметінің Президенттік оркестрі концерт өткізді
Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен Мемлекеттік күзет қызметінің құрылғанына екі жыл толуына орай Мемлекеттік күзет қызметінің Президенттік оркестрі Астанада есептік концертін өткізді.

Әлемдік музыкалық мәдениеттің барлық жанрларын қамтитын шығармашылық ұжым Италия, АҚШ, Түркия, Австрия, Малайзия, Египет сынды мемлекеттерде өнер көрсетіп жүр.

Ал, елордадағы концертінде оркестр жоғары кәсіби біліктілікті, музыкалық аспаптардың барлық түрін шебер меңгергендіктерін көрсетті.

Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу