Өзбекстан ескірген көліктерден бас тартпақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өзбекстан ескірген көліктерден бас тартпақ

19.07.2025

Өзбекстан ескірген көліктерден бас тартуды жоспарлап отыр. Зауыттан шыққанына 40-50 жыл болған темір тұлпарларды қолданыстан кезең-кезеңімен алып тастамақ. Тозығы жеткен көліктер енді қала көшелерінде жүре алмайды. Бұған негізгі себеп, ауаның тазалығын сақтау. Сондай-ақ жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру. Осы тұста тұрғындардың ескі көліктерді жаңасына ауыстыруына қолжетімді жағдай жасау туралы мәселе көтерілген. Жол қауіпсіздігі қызметіне жауаптылар тиісті заңдарға түзетулер әзірленіп жатқанын хабарлады. Полицейлердің мәліметінше, көлік апаттары көбейіп барады. Ел аумағында күн сайын орта есеппен алты адам жол апатынан көз жұмады. Атмосфера тазалығын сақтау үшін Өзбекстанның ірі қалаларында электробустарды көбейту де қолға алынып жатыр.

Нозимбек Носиров, Экология министрлігінің бас маманы:

Биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында 250 мыңнан астам ескі көлік экологиялық бақылаудан өткізілді. Басым көпшілігінде ауаға тасталатын зиянды газдардың мөлшерден көп екендігі анықталды. Оларға тиісті мөлшерде айыппұл салынды.

Базаркүл Отыншиева

Хабарламаларға жазылу