Байқаушы: Құрылтай сайлауы - тарихи оқиға
Құрылтай сайлауы - елдің саяси жүйесін жаңғыртатын тарихи оқиға. Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровпен кездесуде ТМД атынан Байқаушылар миссиясының басшысы Игорь Петришенко осылай деді. Нұрлан Әбдіров ТМД байқаушыларының Қазақстанда өткізілетін сайлаулар мен референдумдарға тұрақты түрде қатысып келе жатқанын атап өтті. Ынтымақтастық үшін алғыс білдірген ол Қазақстанда халықаралық байқаушылар миссияларының толыққанды жұмыс істеуі үшін барлық қажетті жағдай жасалатынын жеткізді. Өз кезегінде Игорь Петришенко саяси науқанның маңызын айта келе, бұл ТМД атынан Қазақстандағы жиырмасыншы байқаушылар миссиясы болатынына баса назар аударды.
Игорь Петришенко, ТМД атынан Байқаушылар миссиясының басшысы:
Бұл ТМД кеңістігіндегі 135-ші байқаушылар миссиясы. Мұның символдық мәні бар. Саяси науқан ойдағыдай ұйымдастырылып, Құрылтай сәтті құрылады деп сенеміз. Өз тарапымыздан сайлаудың әділ өтуіне үлес қосамыз.
Автор
Жанел Нұрболатқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16