Заңды білген адам зардап шекпейді
Конституцияны жете білмеудің салдарынан азаматтар жиі қаржылық қателіктерге ұрынып, алаяқтардың арбауына түсіп жатады. Белгілі заңгер Серік Ақылбайдың айтуынша, мұның басты себебі - халықтың, әсіресе жастардың Заңдарды жете білмеуі. Ата заңда әр азаматтың құқықтары мен бостандықтары, сондай-ақ мемлекет алдындағы міндеттері нақты көрсетілген. Бірақ оны түсініп, өз өмірінде пайдалана алатындар өте аз. Мәселені шешудің бір жолы – мектеп қабырғасынан бастап оқушыларға Конституцияны тереңірек түсіндіретін арнайы пән енгізу. Бұл бастама жастардың құқықтық мәдениетін арттырып қана қоймай, олардың қаржылық сауаттылығын да нығайтады.
Серік Ақылбай, «Қазақстан Заңгерлер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы:
Халық заңды толығынан білмейді. Тіпті конституцияны да толық білетіндер шамалы. Мен бірнеше жыл қатарынан құқықтық ағарту ұлттық бағдарламасы болу керек деп айтып келемін. Яғни, Конституция ежелден келе жатқан жоқ. Талай өзгеріп жатыр. Соның бәрін халық білуі керек. Ол үшін мектепте бағдарлама болуы қажет. Тіпті ЖОО түскенде де міндетті түрде сынақ ретінде алынуы керек.
Динара Жарқынбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Табиғатты аялау, қоршаған ортаға қамқор көзбен қарау – ұлтымыздың болмысында бар асыл қасиет
21.09.2026, 20:37
ШҚО-да таудағы туризм табыс көзіне айналды
21.09.2026, 20:19
Қазақстан шахматшылары бесінші рет жеңіске жетті
21.09.2026, 17:38
Түркістан облысында бұқаралық спортқа ерекше көңіл бөлінген
21.09.2026, 17:33
Астанада Олимпиада жүлдегерлері ағаш екті
21.09.2026, 17:30
Биыл ШҚО-да 6 млн-нан аса көшет еккен
21.09.2026, 17:27
Халал өнім өндірісі мен экспорты артып келеді
21.09.2026, 17:25
Нобель лауреаты қазақ оқырмандарға үндеу жолдады
21.09.2026, 17:22