Көкшетауда Кеңес Одағының батыры, академик, жазушы, қоғам қайраткері Мәлік Ғабдуллин шығармаларының 11 томдық жинағы жарық көрді. Бұл жинақты шығару туралы бастама бұрыннан көтеріліп келе жатқан болатын. Осы мақсатта 2012 жылдан бері қажетті материалдар жинақталып келді. Ал, баспа жұмыстарына 3 айдай уақыт кетті. Кітаптардың таралымы 1000 дана. 11 томдық жинаққа академиктің ғылыми, этно-педагогикалық мақалалары, очерктері мен әскери естеліктері енгізілген. Сонымен қатар, Көкшетау қаласындағы Мәлік Ғабдуллин музейі қызметкерлерінің ғылыми-зерттеулері де көрініс тапты. Мәлік Ғабдуллин шығармаларының 11 томдық жинағы Қазақстан Республикасы Ұлттық Академиялық кітапханасына және Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Павлодар облыстарының ғылыми-әмбебап кітапханаларына табысталды.
Құдайберлі Мырзабек, Мәлік Ғабдуллин музейінің директоры:
- Әдеби-мәдени еңбектері жарық көріп отыр. Мәлік Ғабдуллиннің зерттеу еңбектері, әр кезеңдерде жазған ғылыми пікірлері, сосын «Менің майдандас достарым» атты әдеби шығармасы, «Ата-аналарға тәрбие туралы кеңес» деген сыйлық алған үлкен еңбегі осы кітапқа енгізіліп отыр.
Ермек ЕЛБЕРГЕН
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.