Абай Құнанбайұлының туған күніне орай Астанада бірнеше шара ұйымдастырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Абай Құнанбайұлының туған күніне орай Астанада бірнеше шара ұйымдастырылды

10.08.2018

Ұлттың бас ақынының туған күніне орай Астанада да бірнеше шара ұйымдастырылды. Абай ескерткіші алдында «Абай - бүкіл халық пен бүкіл адамзат баласы» атты музыкалық-поэтикалық кеш өтті. Мерекелік жиында ақын өлеңдері оқылып, әндері орындалды. Бұл жолғы кешке «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығының мүшелері де қатысты. Жүру қабілетінен айырылған жандар да өздерінің сүйіп оқитын өлеңдерін айтты.

Жиналғандар Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұмат алып, оқушылардың өнерін тамашалады. «Абай оқулары» байқауы жеңімпаздарының өнері кеш ажарын аша түсті. 

Сондай-ақ, «Жас Отанның» мүшелері де мерейтойға орай өздерінше ойын ұйымдастырды. Төрт топқа бөлінген жігіттер ұлы ақын туралы сұрақтарға жауап беру арқылы жасырын өлеңді табу керек болды.  Квест барысында олар картада көрсетілген бекеттерді іздеп тауып, ол жерден Абай туралы мағлұмат алып, білімдерін ортаға салды.

Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

 

Хабарламаларға жазылу