Абай күніне орай «Елбасы медалі» бағдарламасының қатысушылары флешмоб ұйымдастырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Абай күніне орай «Елбасы медалі» бағдарламасының қатысушылары флешмоб ұйымдастырды

10.08.2021

Ұлы ақынды ұлықтаған Семей жастарының ерекше тартуы. Абай күніне орай «Елбасы медалі» бағдарламасының қатысушылары флеш-моб ұйымдастырды. Шара барысында белсенді жастар ұлт кемеңгерінің ауқымды портреті мен мемлекеттік туды бейнеледі. Осылайша өскелең ұрпақ Абай күнін ойын-сауық түрінде емес, ой-сананы өсіретін өнегелі іс-шара ретінде өткізді. Ұлы ақынның ұлағатын дәріптейтін жоба Нұрсұлтан Назарбаев қоры мен «Білім инновация» қорының бастамасымен ұйымдастырылды.

Жазира Оразқызы

Хабарламаларға жазылу