Өзбекстанда қоқысты тастайтындармен күрес күшейді
Өзбекстанда қоқысты бейберекет тастайтындармен және көлік терезесінен лақтыратындармен күрес күшейді. Мұндай азаматтарға заңды түрде әкімшілік жаза қолданылады. Жыл басынан бері тұрмыстық қалдықты рұқсат етілмеген орынға тастаған 5 мыңнан астам тұрғын айыппұл арқалады. Елдің барлық аймағында көшелердегі онлайн камералар арқылы тиісті бақылау жүргізіледі. Биылғы жылдың бес айында 700 мың долларға жуық айыппұл салынып, оның жартысы өндірілді дейді мамандар. Оң нәтиже де жоқ емес. Пластик құтыны жұрт көлік терезесінен лақтырмай, тиісті орындарға өткізуге дағдыланып келеді.
Нодир Шеркулов, Экология министрлігінің бас маманы:
Тұрмыстық қалдықтарды, оның ішінде пластикті қайта өңдеу бойынша кешенді жүйе құрылуда. 2027 жылға дейін арнайы жоба аясында 11 облыста қоқысты қайта өңдейтін кәсіпорындар салынады. Осы арқылы қоқыс полигондарының санын бес есеге қысқарту жоспары бар.
Базаркүл Отыншиева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Үлкен тенниске қызығатын балалар көбейіп келеді
18.09.2026, 17:33
Қарағанды облысында жастар құқықтық сауаттарын жетілдіруде
18.09.2026, 17:30
Ел жаңалықтарына шолу
18.09.2026, 17:25
Бейжің ЕуроОдақтың үндеуін қабылдаған жоқ
18.09.2026, 17:22
Филиппиндегі мектепте атыс болды
18.09.2026, 17:20
Ресейдегі дәрі қоры 8 айға ғана жетеді
18.09.2026, 17:17
Абай облысында ет экспортына ден қоя бастады
18.09.2026, 17:15
Өскеменде жол айрығын қарқынды салып жатыр
18.09.2026, 17:12