Елімізде 114 мыңнан астам қыз бала адам папилломасына қарсы екпе алды. Иммундау шарасы келер жылдың қыркүйекегінде ер балалар арасында да жалғасады. Обыр ауруының алдын алу үшін қолға алынған науқан бұл жолы қалай жүргізілмек? Ата-аналар нені білуі керек?
Жанел Нұрболатқызы, тілші:
Папилломаға қарсы екпе 11-15 жастағы ұл балаларға салынады. Алғашқы дозаны алғандар екіншісін 6 айдан кейін қабылдайды. Вакцина тек ата-ана рұқсатымен ерікті түрде егіледі. Бастысы – баланың бойында тұмау белгілері болмауы керек. Ал басқа жағдайларда денсаулыққа еш зияны жоқ, дейді дәрігерлер.
Толқын Садықова, ҚазҰМУ Онкология кафедрасының меңгерушісі:
Екпе жасардың алдында дәрігер міндетті түрде сұрау жасайды. Ата-ана түсіндіріп айтқаны дұрыс. Баламның дене температурасы көтеріліп тұр деп. Дәл сол күні жасатудың қажеті жоқ. Басқа күні келіп жасатса болады.
Жанел Нұрболатқызы, тілші:
Папиллома вирусы теріде, тамақ, ауыз қуысы, тік ішекте өмір сүреді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегінше, әр 10 адамның 8-де болады. Әдетте аурудың ешқандай белгісі болмағандықтан, ағзада бұл вирустың бар екені білінбейді. Яғни, көп жағдайда иммунитет күресіп, өзі-ақ жеңеді. Бірақ, папилломаның 200-ге жуық түрінен 14-і аса қауіпті. Соның бірі жұғып қалса, обыр дертіне ұласуы мүмкін.
Папилломаның қауіпті түрін қан тапсыру арқылы анықтайды. Бұл вирус ауада да таралады. Әсіресе, қол алысқанда, түшкіргенде тез жайылады.
Нұршай Әзімбаева, ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің басқарма басшысы:
Ер адамдардың арасында таралып, оларда да ауру туғызады. Әсіресе, онкологиялық ауруларды туғызады. Қазіргі кезде 147 мемлекет адам попилломасы вирусына қарсы вакцинацияны жүргізіп жатса, 47-і ер балаларды да вацинациялауды жүргізіп жатыр.
Елімізде папилломаға қарсы екпе салу 2013 жылы пилоттық жоба ретінде басталған еді. Алматыдағы онкология кафедрасы сол кезде екпе алған және бас тартқан 1 мың қыздың жағдайына мониторинг жүргізген. Нәтижесінде вакцина салдырғандардың денсаулығы жақсы екені, ал иммундау шарасынан тыс қалғандардың 18 пайызына папиллома вирусы жұққаны анықталған. Дәрігерлер бір рет салынған вакцинаның арқасында ағза бұл індетке 10 жыл төтеп беретінін айтады.
Жанел Нұрболат
