Басты Жаңалықтар Жолдау: Салықтан түскен қаржы тиімді жұмсалуы тиіс

Жолдау: Салықтан түскен қаржы тиімді жұмсалуы тиіс

«Салықтан түскен әр теңге халықтың игілігіне жұмсалуы тиіс». Жолдауда осылай деген Мемлекет басшысы бірқатар тапсырма берді.


Жаңа салық кодексі келер жылдан бастап қолданысқа енгізіледі. Сондықтан жауапты мамандар өңір-өңірді аралап, жұртшылықпен кездесу ұйымдастырып жүр. Оралға барған жұмыс тобы салық кодексіндегі өзгерістерді жіліктеп түсіндірді. Семинарға қатысушылар сұрақ қойып, салық кодексін жазған мамандардан нақты жауап алды. 

 

Айнұр Сартаева, Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитеті басқарма басшысының орынбасары:


Шекті айналымы 10 мың айлық есептік көрсеткіштен, яғни жобамен 40 млн теңгеден асса, міндетті түрде қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркелуі керек. Бірақ бұл норма барлығына қатысты емес. Сондықтан да ешқандай қорқудың қажеті жоқ. Тамақтандыру саласы, «үйдің маңындағы» дүкендер бар, яғни арнаулы салық режимін қолданатын кәсіпкерлердің барлығы қосылған құн салығын төлеуден босатылып отыр.


Ардақ Мұратқызы


Бөлісу