Басты Жаңалықтар ӘЧ: Бүгін 13 боксшымыз шаршы алаңға шығады

ӘЧ: Бүгін 13 боксшымыз шаршы алаңға шығады

Бүгін 13 спортшымыз Ливерпульда шаршы алаңға шығады. Әлем чемпионатында кеше 7 жерлесіміз жеңіске жетті. Алуа Балқыбекова, Виктория Графеева, Махмұд Сабырхан және Нұрбек Оралбайдың жеңісін кеше сүйіншіледік.


Одан кейін Назым Қызайбай рингке шықты. Ол алғашқы кездесуінде Мажарстан боксшысы Лила Зелецкийді жеңді. Жекпе-жек үшінші раундта тоқтатылды. Енді Назым 12 қыркүйек күні шаршы алаңға шығады. Әйелдер арасында Наталья Богданова жартылай финалға шықты. Санжар Тәшкенбай чемпионттағы жолын жеңіспен бастады. Ертуған Зейнуллинов 65 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғады. Оның қарсыласы англиялық Патрис Мугалзай бірінші раундта басым түсті. Бірақ екінші және үшінші үшминуттықта отандасымыз жеңісті жұлып алды. Жекпе-жекті бүгін де «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көріңіз.


Азамат Бейбітұлы


Бөлісу