Қария қажылыққа жиған қаржысын сырқат балаларға үлестірді
Керекулік қария жылдар бойы қажылыққа деп жиған қаржысын сырқат балаларға үлестіріп берді.
Сағадат Жұмабаев биыл 94-ке аяқ басты. 13 жылдан бері Павлодардағы қарттар үйінде тұрып жатыр. Туыс, туғаны жоқ. Зейнетақысы 200 мың теңге. Соның 62 мыңы жеке есеп шотына түседі екен. Басқасын мемлекеттік мекеме алады.
Сағадат Жұмабаев, ардагер:
Меккеге барамын деп жинағанмын. Бірақ бара алмадым. Анамның қайтқанынп 32 жыл болды. Ол кісі ойымнан шықпайды, сағынамын. Сондықтан балалардың шешесіне, аналарына беріп отырмын. Аналарының еңбегі бар ғой. Олар балаларын күтіп, түнде ұйықтай алмайды, күндіз ешқайда шықпайды.
Ақсақал жеке жинағынан 3 млн 600 мың теңге үлестірді. Жүріп-тұруы қиын, сал болып туған 30 баланың анасына 120 мың теңгеден тиді.
Мәдина Имаханова, қала тұрғыны:
Бұндай нәрсе екінің бірінің қолынан келмейді. Қарияның жасы 93-те екен. Біздің балаларымызға зейнетін беріпті және сауаптан болса деймін.
Болат Аманбай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
IT-қызметтер экспорты 1 млрд доллардан асты
27.05.2026, 20:08
ЕАЭО елдері ЖИ дәуіріне қадам басты
27.05.2026, 20:07
Ресей – Қазақстан: Еуразия төріндегі одақ
27.05.2026, 20:05
Сауалнама нәтижесі: Әрбір екінші қазақстандық мұқтаж жандарға көмектеседі
27.05.2026, 20:04
Құрбан айтпен құттықтау жеделхаттары келіп жатыр
27.05.2026, 20:02
Президент Құрбан айт мерекесімен құттықтады
27.05.2026, 20:00
Абай облысында қазақы тазы тұқымы бойынша екі тұқымдық байқау өтті
27.05.2026, 14:39
Қос бірдей өнер ордасына «Ұлттық» мәртебе берілмек
27.05.2026, 13:28